Биылғы оқу жылында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында барлық білім беру ұйымдарында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары өз жұмысын бастаған болатын. Орталықтың негізгі басымдықтары – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы бойынша жұмысты күшейту және ата-аналардың позитивті мәдениетін дамыту. Осы орайда 27 қазан күні мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасына сәйкес бастауыш сынып ата-аналарына сынып жетекшілер — Н. Біләл., М. Қазбекова «Отбасы – бақыт бесігі», жоғары сынып ата-аналарына сынып жетекшілер Д. Ахметова., М. Мұғиын «Баланың бас ұстазы — ата-ана» тақырыптары бойынша семинар-сабақтар өткізді. Іс-шара барысында ата-аналармен топтық жұмыстар жүргізіліп, түрлі психологиялық тренингтар жүргізілді. Жеке тұлға қалыптастыруда ой туғызар бейне-роликтер көрсетілді.
В этом учебном году в рамках «Единой воспитательной программы» во всех организациях образования начали работу центры педагогической поддержки родителей. Основными приоритетами центра являются усиление работы по взаимодействию семьи и школы в обучении и воспитании детей и развитие позитивной культуры родителей. По этому случаю 27 октября в соответствии с программой педагогической поддержки родителей классные руководители начальных классов- Н. Билал, М. Казбекова провели семинар-урок «Семья — колыбель счастья», классные руководители среднего и старшего звена Д. Ахметова., М. Мугиын -«Главный учитель ребенка – родитель». В ходе мероприятия была проведена групповая работа с родителями и проведены различные психологические тренинги. Были показаны заставляющие задуматься видеоролики о становлении личности.