23 қазан күні Республика күніне орай мектебімізде салтанатты саптық жиын болып өтті. Жиын мемлекеттік гимнді орындаудан басталды. Жиында  үздік оқушылар және мектептің қоғамдық, тәрбиелік іс-шараларына белсенді қатысатын 5-7 сынып оқушылары «Жас ұлан» ұйымына қабылданды. Олардың барлығы патриот болуға, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, туған жерді сүюге ант берді. Жас жасұландықтар балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қосылу арқылы өздеріне үлкен жауапкершілік жүктейтінін жақсы түсінеді. Сондықтан олардың әрқайсысы мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, мүлтіксіз оқуға ниетті. Сонымен қатар, мерекеге орай өткізілген мектепішілік, қалалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған оқушылар марапатталды. Салтанатты жиын “Желбіре, көк байрағым” әнін шырқаумен аяқталды.
Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы жасұландықтарды салтанатты да маңызды оқиғамен шын жүректен құттықтап, мектептің қоғамдық өмірінде толағай табыстар тілейді. Республика күні құтты болсын!

23 октября в преддверии Дня Республики в нашей школе состоялась торжественная линейка. Линейка началась с исполнения государственного гимна. На линейке в организацию «Жас ұлан» были приняты учащиеся 5-7 классов, активно участвующие в общественной жизни школы. Все они дали клятву быть патриотами, уважать государственные символы нашей страны, любить свою Родину. Юные жасулановцы прекрасно понимают, что, вступая в организацию, на них лежит большая ответственность. Поэтому каждый из них активно участвует в общественной жизни школы и намерен хорошо учиться.
Также на линейке были награждены учащиеся, принявшие участие и занявшие призовые места во внутришкольных и городских конкурсах, проводимых по случаю праздника,. Линейка завершилась патриотической песней «Желбіре, көк байрағым».
Администрация школы и педагоги искренне поздравляют жасулановцев с торжественным и важным событием и желают им больших успехов в общественной жизни школы. С Днем Республики!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *