Республика күнінің тарихы

Республика күнінің тарихы сонау тоқсаныншы жылдардан басталады. 1990 жылы 25 қазанда «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат болатын. Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Алғаш рет ел аумағының тұтастығы, қазақ халқының және басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету, ұлттық болмысты қалыптастыру әрі нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітілді. Осы декларацияның арқасында ҚазКСР өз ішкі әскерін, мемлекеттік қауіпсіздік пен ішкі істер органдарын құру құқығына ие болды. Ал президент елдің басшысына айналды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Республика күні жыл сайын 25 қазанда аталып өте бастады. 1995 жылы 18 қазанда алғаш рет «ұлттық мереке» болып жарияланды. Алайда 2001 жылы бұл мәртебеден айырылып, «мемлекеттік мереке» санатына өтті. Ал 2009 жылы сәуірде мерекелер қатарынан мүлде алынып тасталды. Осылайша он жылдан астам уақыт бойы 25 қазан – Республика күні тойланған жоқ.

Қайта оралған мейрам

2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтаруды ұсынды. Мемлекет басшысы оған «ұлттық мереке» мәртебесін беріп, Қазақстанның басты мейрамы ретінде атап өту туралы бастама көтерді. Тоқаевтың бастамасы халықтың қолдауына ие болып, дәл сол жылы заңға тиісті өзгеріс енгізілді. Сөйтіп былтыр Қазақстан халқы ұзақ жылдар бойы атаусыз қалған Республика күнін алғаш рет дүркіретіп атап өтті.

«Енді бұл мейрамды күллі ел болып жаңа мазмұнда атап өтетін боламыз. Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам», — деді былтыр президент Республика күніне орай Ақордада өткен салтанатты жиында.

Айта кетері, заңға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, Республика күні – елдегі жалғыз ұлттық мейрам. Республика сөзі латын тілінде «ортақ іс» деген мағына береді.

Все права защищены. Используйте активную ссылку на Atpress.kz https://atpress.kz/kk/news/qazaqstanda/respublika-k-ni-turaly-ne-bilemiz

 

Возможно, это изображение текст «ටේ 25 казан республика KYHI»

История Дня Республики

История Дня Республики берет свое начало в девяностых годах. 25 октября 1990 года была принята декларация «О государственном суверенитете Казахской ССР». Это был важный документ, проложивший путь к независимости Казахстана. В декларации были заявлены политические и правовые основы Казахстана как независимого государства. Впервые были утверждены такие государственные принципы, как целостность территории страны, возрождение культуры, традиций, языка казахского народа и представителей других национальностей, формирование и укрепление национальной идентичности. Благодаря этой декларации Казахская ССР получила право создавать свою внутреннюю армию, органы государственной безопасности и внутренних дел. И президент стал главой страны. После обретения Казахстаном независимости День Республики стал отмечаться ежегодно 25 октября. 18 октября 1995 года он впервые был объявлен «национальным праздником». Однако в 2001 году этот статус был утерян и он стал «государственным праздником». А в апреле 2009 года его и вовсе исключили из списка праздников. Таким образом, 25 октября – День Республики не отмечался более десяти лет.

Возвращение праздника

В 2022 году президент Касым-Жомарт Токаев предложил вернуть День Республики. Глава государства придал ему статус «национального праздника» и выступил с инициативой отметить его как главный праздник Казахстана. Инициатива Токаева получила поддержку народа, и в том же году в закон было внесено соответствующее изменение. Так, в прошлом году казахстанцы впервые отметили День Республики, который долгие годы оставался безымянным.

«Теперь мы всей страной будем отмечать этот праздник по-новому. Возрожденный День Республики – это очень важный исторический шаг, который поднимет дух нашего народа и укрепит нашу страну», – заявил президент в прошлом году на торжественном собрании, состоявшемся в Акорде по случаю Дня Республики.

Следует отметить, что согласно последним изменениям в законе, День Республики является единственным национальным праздником в стране. Слово республика в переводе с латыни означает «общее дело».

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *