18 қазан күні мектебімізде “Ата –аналарды педагогикалық- психологиялық қолдау орталығының жұмысы негізінде “Айбын” әкелер клубында “Отбасындағы және бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі” тақырыбында дикуссиялық пікірлесу іс-шарасы болып өтті. Іс-шараның мақсаты – әкелердің балалар алдындағы жауапкершілігін арттыру, әкелік міндеттің мағынасын ашу болу болды. Осы пікірлесуге келген әр сыныптың әкелер ұйымының төрағалары өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен пікірлерге талқылау жасады. Өз ойларын өмірлік тәжірибемен ұштастыра отырып, әкелік міндеттің үлкен жауапкершілік екенін айтып кетті. Отбасыдағы әкенің рөліне қатысты мәтін бойынша ой-талқы жүргізіп, тапсырмалар орындады. Сонымен қатар мектеп психологы А. Асылханова әкелер арасында тәрбиелік мағынасы зор тренинг өткізді. Топқа бөлініп талқылау жүргізген әкелер қауымы іс-шара қорытындысында отбасыда балаға көп сөйлеуден гөрі, нақты іс-әрекетпен үлгі болған дұрыс деген шешімге тоқталды.
18 октября в нашей школе на базе работы «Центра педагогико-психологической поддержки родителей» в клубе отцов «Айбын» состоялось дискуссионное мероприятие на тему «Роль отца в семье и образование ребенка». Целью мероприятия было повышение ответственности отцов перед детьми, раскрытие смысла отцовства. Председатели клуба отцов каждого класса, пришедшие на мероприятие, обсуждали различные ситуации и мнения, с которыми они сталкиваются в жизни. Связав свои мысли с жизненным опытом, высказали, что отцовство – это большая ответственность. Обсудили текст о роли отца в семье и выполнили задания. Кроме того, школьный психолог А. Асылханова провела тренинг среди отцов, имеющий большое воспитательное значение. По итогам мероприятия группа отцов, которые провели обсуждение, решили, что лучше подавать пример реальными действиями, а не просто проводить беседы ребенком в семье.