Ағымдағы аптада облыстық “Жыл мұғалімі — 2023” байқауының қалалық кезеңі бастау алды. Педагог мамандығының мәртебесін арттыру және педагогикалық ұстанымы мен тұлғалық әлеуетін көрсету мақсатында ұйымдастырылған байқауға мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Казбекова Маншук Талғатқызы қатысты.
Байқаудың бірінші бөлімі бойынша қатысушы мұғалімдер таныс емес сыныпта сабақ өткізуі шарт. Маншүк Талғатқызы Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің 2-сыныбында «Әдебиеттік оқу» пәнінен «Досыма сенемін» тақырыбында сабақ өткізді. Оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар орындалып, мақсатқа жетуде «көшбасшы және тыңдаушы», «Додекаэдр» әдістерімен, wordwall платформасымен жұмыстар жүргізілді. Оқушылар мәтінге жоспар құрып, мәтін кейіпкерлерін сипаттап, өз ойларын еркін жеткізіп, белсенділік танытты.
На этой неделе стартовал городской этап областного конкурса «Учитель года – 2023». В конкурсе, который был организован с целью повышения статуса педагогической профессии и проявления педагогической позиции и личностного потенциала, приняла участие Казбекова Маншук Талгатовна, учитель начальных классов нашей школы.
Учителя, участвующие в первом этапе конкурса, должны провести урок в незнакомом классе. Маншук Талгатовна провела урок литературного чтения на тему «Досыма сенемін» во 2 классе школы-лицея имени Алихана Букейханова. Задания на уроке выполнялись в соответствии с образовательными целями, а для достижения целей проводилась работа по методикам «Лидер и слушатель», «Додекаэдр», на платформе wordwall. Учащиеся приняли активное участие на уроке, составляли план по тексту, описывали героев текста, свободно выражали свои мысли.