12 қазан күні мектебімізде көптен күткен «Арайлы, алтын күз» мерекесі өтті. Мерекенің мақсаты: адамға ешнәрсе қиындықсыз келмейтінін әрбір баланың санасына жеткізу; бау-бақшаларының көкөністері мен жемістерінің әдемілігін, алуан түрлілігін көру; осы мерекенің мысалында үлкендердің еңбегіне құрметпен қарауды қалыптастыру.
Мектептің спорт залында өткен бұл шараға бастауыш, орта буын оқушылары, ұстаздар, қатысты. Бастауыш сыныптар мерекелік кештің шарты бойынша өз өнерлерін ортаға салса, орта буында «Күз Ханшайымы» және «Күз Ханзадасы» деген атқа лайықты ең үздік жұпты анықтады.
«Алтын күз 2023 – Ең үздік жұп» номинациясы 7 «Ә» сыныбының қоржынына түсті. Мұндай мереке көп жылдар бойы өткізіліп келеді және әр жолы мектеп оқушыларының алдында үлкен қуаныш пен жауапкершілікті тудырады. Көкөністер мен жемістерден жасалған шарлармен және қолөнер бұйымдарымен безендірілген залда балаларға қонаққа ару – «Күз» келді, ол қызықты тапсырмалар дайындады: «Бақшада не өседі?», «Күздің белгілері» және т.б. Олардың барлығы шығармашылық және қызықты болды. Мерекеде балалар өлең оқып, ән айтты, би билеп, ойнады, жұмбақтарды шешті. Көкөністер мен жемістер және олардан жасалған қолөнер бұйымдарынан тамаша көрмесін ұйымдастыруға көмектескен барлық ата-аналарға, балаларды осы шараға дайындаған ұстаздарға алғысымды білдіреміз. Және, әрине, біз мектеп оқушыларының өздеріне керемет дайындықтары мен мерекеге қатысқандардың эмоциялар толқыны үшін алғыс айтамыз.
12 октября в нашей школе прошел долгожданный праздник золотой осени. Цель праздника – донести до каждого ребенка, что человеку ничего не дается без трудностей; увидеть красоту и разнообразие овощей и фруктов садов; на примере этого праздника формировать уважение к труду старших.
В мероприятии, проходившем в спортзале школы, приняли участие учащиеся начальных и средних классов, учителя. Начальные классы представили свои выступления, а в средних классах определили лучшую пару, достойную звания «Күз ханшайымы» и «Күз ханзадасы».
Номинацию «Золотая осень 2023 – Лучшая пара» получили учащиеся 7 «Ә» класса. Такой праздник проводится уже много лет и каждый раз приносит школьникам огромную радость и ответственность. В зал, украшенный шарами, композициями из овощей и фруктов, в гости к детям пришла Мисс «Осень», которая подготовила интересные задания: «Что растет в саду?», «Признаки осени» и другие. Все они были креативными и интересными. Во время праздника дети читали стихи, пели песни, танцевали, играли, отгадывали загадки. Хотим выразить благодарность всем родителям, которые помогли организовать замечательную выставку поделок и композиций из овощей и фруктов, а также педагогам, подготовившим детей к этому мероприятию. И, конечно же, благодарим самих школьников за прекрасную подготовку и волну эмоций участников праздника.