29 қыркүйек күні мектепішілік “Жыл мұғалімі” байқауы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Е. Құрмаш 6-сыныптар арасында, «1001 мақал, 101 жұмбақ» зияткерлік сайысын өткізді. Сайыс 4 кезеңнен құралып, жеңімпаздар жүлделі орынмен, қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Сайыс барысында жұмбақтың шешімін табу, мақалдың жалғасын табу, логикалық сұрақтардың жауабын табу сияқты тапсырмалар түрлі платформалар арқылы жүзеге асырылды. Сайыс мақсаты: ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, қымбат қазынасы мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды дәріптеу. Мақал-мәтелмен жұмбақтарды үйрете отырып, отансүйгіштікке, тұлғалы азамат болып өсуге тәрбиелеу. Оқушылардың есте сақтау, жаттау қабілеттерін дамыту.
29 сентября в рамках школьного конкурса «Учитель года» учитель казахского языка и литературы А. Е. Курмаш провела интеллектуальный конкурс «1001 пословица, 101 загадка» среди шестиклассников. Конкурс состоял из 4 этапов, победители были награждены призами, а участники – поощрительными призами. В ходе конкурса на различных платформах выполнялись такие задания, как поиск решения загадки, поиск продолжения пословицы, поиск ответов на логические вопросы. Цель конкурса – прославить пословицы и загадки, драгоценное сокровище наших предков. Развитие памяти и способностей к запоминанию учащихся.