27 қыркүйек күні «Жыл мұғалімі» байқауының мектепшілік кезеңі аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А. Ж. Исабай 4 «Ә» сыныбында «Жеңіл атлетика элементтері бар эстафета» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде негізгі қозғалыс машықтарын түсіну және көрсету. Сабақтың басында оқушыларды сапқа тұрғызып, қауіпсіздік ережесін еске түсірді. Жүру, жүгіру, аяққа арнаулы жаттығулар жасалды. Бір орында тұрып жалпы дамыту жаттығулары өз деңгейіне өтті. Өткен тақырыпты еске алуда допты қашықтыққа лақтыру әрекеті көрсетілді. Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбы бойынша эстафеталық таяқшаны беру және алу элементтері көрсетілді. Жаңа сабақты бекіту мақсатында түрлі жаттығулар мен ойындар өткізілді. Ойындарда оқушылар өз белсенділіктерін көрсете білді. Сабақ жақсы дәрежеде өтті.
27 сентября в рамках школьного этапа конкурса «Учитель года» учитель физкультуры А. Ж. Исабай провел открытый урок по теме «Эстафета с элементами легкой атлетики» в 4 «Ә”классе. Цель занятия: понять и продемонстрировать основные двигательные упражнения при выполнении различных физических упражнений. В начале урока учащиеся выстроились в шеренгу, вспомнив правила безопасности. Выполнялись ходьба, бег, специальные упражнения для ног, общеразвивающие упражнения. Вспоминая предыдущую тему, была показана попытка бросить мяч на расстояние. Учащимся были показаны элементы подачи и получения эстафеты. Для закрепления темы нового занятия проводились различные упражнения и игры. Учащиеся проявили активность в играх. Урок прошел на хорошем методическом уровне.