«Kazakhmys Smelting» ЖШС ұйымдастыруымен 20 қыркүйек күні “Михаил русаков атындағы мектеп интернатының” 8-сынып оқушылары «Тораңғы» ботаникалық қорықшасына экскурсиялық саяхат жасап қайтты. Экскурсия барысында оқушыларға «Михаил Русаков атындағы мектеп интернатының тарих пәні мұғалімі Жаксыгелдин Ильяс Тораңғы туралы көптеген ақпараттар айтып берді. Сонымен қатар қызыл кітапқа енген Тораңғы жайлы викториналық сұрақтар қойып, танымдық іс-шара жасады. Ерекше қорғауға алынған аймақты тамашалаған оқушылар экскурсиядан туған өлкесі туралы мол мағлұматтар алды. Экскурсия соңында «Kazakhmys Smelting» ЖШС демеушілігімен оқушыларға жеміс-жидек, тәтті сусындар, футболкалар таратылды. Оқушыларға осындай танымдық шара ұйымдастырған «Kazakhmys Smelting» ЖШС алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
20 сентября учащиеся 8 класса школы-интерната имени Михаила Русакова отправились в экскурсионную поездку в Туранговую рощу, организованную ТОО «Kazakhmys Smelting». В ходе экскурсии учитель истории школы-интерната имени Михаила Русакова Жаксыгелдин Ильяс предоставил учащимся информацию о Туранговой роще. Также провел викторину о Туранге, которая занесена в Красную книгу. Школьники, посетившие особо охраняемую территорию, получили во время экскурсии много информации о своем родном крае. По окончании экскурсии ребятам были розданы фрукты, сладкие напитки, футболки при спонсорской поддержке ТОО «Металлургический завод «Казахмыс». Мы выражаем слова благодарности ТОО «Kazakhmys Smelting» за организацию такого познавательного мероприятия для школьников.