1–12 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұйымдастыруымен еліміздің барлық өңірінде «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны өтеді. Іс-шара дәстүрлі түрде жыл сайын Дүниежүзілік бала еңбегіне қарсы күрес күні шеңберінде өткізіледі.
Ақпараттық науқан балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу мәселесіне, оның ауқымы мен сипатына, бала мен қоғамға тигізетін зардаптарына қоғам назарын аудартуды көздейді. Сондай-ақ аталған мәселе жайлы, осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негізінде жұртшылықты көбірек ақпараттандыруға бағытталған.
С 1 по 12 июня во всех регионах страны пройдет национальная информационная кампания «12 дней борьбы против эксплуатации детского труда», организованная Комитетом по охране прав детей Министерства просвещения РК.
Мероприятие традиционно проводится ежегодно в рамках Всемирного дня борьбы с эксплуатацией детского труда.
Информационная кампания призвана привлечь внимание общественности к проблеме применения детского труда, ее масштабах и характеристиках, ее последствиях для ребенка и общества, повышение информированности общественности, включая взрослых и детей, а также об основах международного и национального законодательства в этой области.