Міне көзді ашып-жұмғанша тағы бір оқу жылы аяқталды. Мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын жас түлектер үшін, ең қымбат, ең қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентер сәт, соңғы рет соғылған қоңырау үні. Бұл – балалық балдәуреннің бір белесі. 11 сыныпты бітіріп жатқан түлектер алтын ұя мектебімен қоштасты.
1 маусым күні мектебімізде «Сәт сапар саған, жас түлек!» соңғы қоңырау мерекесі болып өтті. Жиын барысында мектеп директоры П. Жамшыбаева, жас түлектердің аяулы ұстаздары шәкірттеріне тілектерін жаудырды. 11 жыл бойы білім алып, бозбала мен бойжеткендер қатарына бет алған шәкірттеріне сәт сапар тіледі. Сондай-ақ ата-аналар атынан сөз алғандар ұстаздар еңбегін жоғары бағалап, алтын ұядағы білім мен тәрбие алдағы уақытта өз жемісін беретініне сендірді. Мектеп бітіруші түлектер де өздерінің алғыстары мен арнауларын оқып, әдемі әндерден шашу шашты. Балалықтың бал шағын артқа тастап, үлкен өмірдің табалдырығын аттағалы тұрған мектеп түлектері мектеп вальсін сән-салтанатпен билеп, Білім кілтін 10-сынып оқушыларына табыстады. Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар оқушылар білім алған мектебінің абыройын жоғары ұстауға ант етті. Осылайша «мектеп» атты кемел білім кемесі жалынды жолаушыларын үлкен өмірге тағы бір мәрте шығарып салды.
Вот и закончился в мгновение ока ещё один чередной учебный год. Для выпускников, праздник последнего звонка — самый драгоценный, незабываемый, волнующий момент. Это одна из вех детства. Выпускники 11-х классов попрощались со школой.
1 июня в нашей школе состоялся праздник последнего звонка «Сәт сапар саған, жас түлек!». В ходе праздника директор школы П. Жамшыбаева, преподаватели выпускников, поздравили и пожелали успехов своих ученикам. Родители высоко оценили труд педагогов и заверили, что обучение и воспитание, полученное в стенах школы принесет свои плоды в будущем. Выпускники посвятили слова благодарности своим педагогам. Выпускники школы, которые вот-вот покинут школу и вступят в большую жизнь, станцевали школьный вальс и вручили Ключ знаний учащимся 10-х классов. Ученики, которые в будущем возьмут бразды правления страной, поклялись отстаивать честь школы, в которой они получили образование. Так корабль знаний под названием «школа» в очередной раз отправил своих воспитанников во взрослую жизнь.