«Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру мақсатында 13 қараша күні мектебімізде 9-сынып оқушыларына «Қаржылық алаяқтық және қауіпсіз онлайн сауда» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді.
Кездесуге Балқаш қаласы ПБ ҚҚБ ЮПТ УПИ, полиция капитаны А.К. Қасымжанова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.А. Махмутова қатысты.
Дәріс барысында оқушыларға интернеттегі алаяқтықтың түрлері, онлайн сауда кезінде сақтық шараларын сақтау, жеке мәліметтер мен банк картасының деректерін қорғау туралы түсіндірілді. Күмәнді сілтемелерге өтпеу, бейтаныс адамдарға құпия кодтарды хабарламау және сатушының сенімділігін тексеру мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі, түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғынжайдан тыс жерде және ойын-сауық орындарында болуына қатысты шектеулер сөз болды. Әлеуметтік желілерде өзгені балағаттау, қорлау және жалған ақпарат таратудың салдары түсіндірілді.
Кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға және интернет кеңістігінде жауапкершілікпен әрекет етуге бағытталды.
#ЗаңМенТәртіп #ҚаржылықҚауіпсіздік #ҚаржылықСауаттылық #ҚауіпсізОнлайнСауда #АлаяқтықтанСақтан #ҚауіпсізИнтернет #ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу #Балқаш

13 ноября в нашей школе в рамках реализации идеологемы «Закон и порядок» для учащихся 9-х классов состоялась профилактическая лекция на тему «Финансовое мошенничество и безопасные онлайн-покупки».
В мероприятии приняли участие УПИ ЮПТ ҚҚБ УП города Балхаш, капитан полиции А.К. Касымжанова и заместитель директора по воспитательной работе Д.А. Махмутова.
В ходе встречи школьникам рассказали о распространённых видах интернет-мошенничества, правилах безопасных онлайн-покупок и защите персональных и банковских данных. Особое внимание уделили необходимости проверять надёжность продавцов, не переходить по подозрительным ссылкам и не сообщать посторонним коды подтверждения.
Также были рассмотрены вопросы уголовной и административной ответственности несовершеннолетних, ограничения на нахождение в ночное время вне жилища и в развлекательных заведениях без законных представителей. Учащимся разъяснили последствия оскорблений и распространения ложной информации в социальных сетях.
Встреча была направлена на повышение правовой и финансовой грамотности школьников, формирование ответственного поведения и навыков безопасного использования интернета.
#ЗаконИПорядок #ЗаңМенТәртіп #ФинансоваяБезопасность #БезопасныеПокупки #СтопМошенничество #БезопасныйИнтернет #ПрофилактикаПравонарушений #Балхаш

От admin